ШОБ субъектілерінің айтуынша, олар жер учаскелеріне жалдау мерзімін ұзарту кезінде тұрақты түрде кедергілер мен негізсіз бас тартуларға тап болған, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетімен бірлесіп, жер қатынастары саласына талдау жүргізді.
Жергілікті атқарушы органдар Жер кодексінің нормаларын өздігінше түсіндіріп және уақыт созып, жер комиссияларының қарауына жалдау мерзімін ұзарту туралы өтініштер жолдаған. Жер кодексінің 12-бабына сәйкес комиссияның мұндай өкілеттіктері жоқ.
Тағы бір маңызды мәселе - хабардар ету мерзімдерінің аяқталуына байланысты жалдау мерзімін ұзартудан бас тарту.
Әкімдіктер мұндай тәжірибені жалға алушылардың жаңа мерзімге жер пайдалану шартын жасасу ниеті туралы уақытылы хабарлау жөніндегі міндеттерді бұзуымен түсіндіреді.
Сонымен қатар жалдау мерзімі аяқталған жағдайда, өз міндеттерін тиісінше орындаған уақытша өтеулі жер пайдаланушы басқа адамдар алдында жаңа мерзімге шарт жасасуға басым құқықа ие болады (ЖК 37-бабының 2-тармағы).
Бұл жағдайда жалға алушы комиссияның қорытындысын алмай-ақ шарттың мерзімін ұзартуға құқылы. Сондай-ақ заңнамамен реттелмеген жаңа мерзімге жалдау шартын жасау жасырын мемлекеттік қызметі анықталды.
Қазіргі уақытта регламенттің болмауы "бір терезе" қағидатын бұзып, әкімдіктің лауазымды адамдары мен жер учаскелерін жалға алушылар арасында жемқорлық тәуекелдерінің туындауына ықпал етеді.
Қазіргі уақытта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынымдары бойынша мұндай заңсыз тәжірибе Алматы қаласында, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында және Жетісу облысында тоқтатылды.
Сондай-ақ ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті жергілікті атқарушы органдардың атына уақытылы хабарламауға байланысты жер учаскелерін жалға беруді ұзартудан бас тарту тәжірибесін болдырмайтын нақты түсініктемелер жолдады. Аталған түсініктеме адал жер пайдаланушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуын жоюға, жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, сондай-ақ жер берудің бірыңғай тәжірибесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.