Антикорда криминалистік басқарма ашылады

187

Құжат жобасы 27 желтоқсанға дейін жұртшылықтың талқысына ұсынылып отыр. 

Антикорда криминалистік басқарма ашылады Фото: canva.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі құрылымында криминалистік басқарма ашу ұсынылды.

Бұл туралы жарлықтың жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Антикорға криминалистік басқарма не үшін қажет:

– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің үшінші тұлғалар және ұйымдармен қылмыстық әрекеттер арқылы келтірілетін ауыр залалды растайтын тексеру актілерінің тәуелсіздігін қамтамасыз ету;

– жеке мамандарды тартуға бюджет шығынын төмендету, жедел және сотқа дейінгі тергеу мерзімін қысқарту;

– құпия ақпараттың ашылу тәуекелдерін болдырмау.

Осы орайда жарлық жобасында криминалистік құзыретті әкімшілік ғимаратта өткізу және объекті ішіндегі режимді қамтамасыз ету тәртібін әзірлеу және бекіту бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің функциясын қарастыру қажеттігі айтылған. 

– Қылмыстық-процестік кодекстің 80-бабына сәйкес құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органның уәкілетті бөлімшесінің қызметкерін зерттеу жүргізу және қорытынды беру үшін маман ретінде тартуға жол берілетіндіктен, бұл ұсыныс қылмыстық-процестік заңнамаға қайшы келмейді, – делінген құжатта.

Бұған дейін Антикор келер жылдан бастап "А" корпусына жататын саяси мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің адам құқықтары жөніндегі уәкілдің, Парламент депутаттарының, судьялардың, квазимемлекеттік сектордағы лауазымды тұлғалар мен олардың жарының кірістері мен мүлкі туралы декларация қоғамға ашық жарияланатынын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу