Антикордың араласуынан кейін Жетісу облысында 1,6 миллиард теңге үнемделді

384

Өңірлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті қызметкерлерінің араласуымен аталған ақша мемлекет қазынасында қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.  

Антикордың араласуынан кейін Жетісу облысында 1,6 миллиард теңге үнемделді Фото: Google

Баспасөз мәслихатын өткізген құзырлы орган басшылығы жемқорлықтың алдын алу жұмыстары жөнінде баяндады. Мәселен, ауыл шаруашылығындағылар заңдағы олқылықты пайдаланып, инвестор субсидия арқылы 1 млрд теңге жымқырмақ болыпты. Күдіктілердың кінәсі дәлелденіп, қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Жетісу облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Мақсат Жебегеновтің айтуынша, сыбайлас жемқорлық қауіп-қатерлерінің негізгі салалары – тұрғын үй саласы, жол салу саласы, жер беру саласы. Сол бойынша қызмет атқарып жатырмыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу