Антикордың жалған қызметкері Каспий жағалауынан жер телімін талап еткен

642

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өзін Антикор өкілі ретінде таныстырып, Ақтау қаласы әкімдігінен жер учаскесін беруді талап еткен күдіктіні ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Агенттікке сілтеме жасап.  

Антикордың жалған қызметкері Каспий жағалауынан жер телімін талап еткен

"Ағымдағы жылдың 19 мамырында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өзін Антикор қызметкері ретінде таныстыра отырып, Ақтау қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларынан коммерциялық объектілерді орналастыру үшін оның атына жер учаскесін ресімдеуді талап еткен 1997 жылғы Нұрбол Каримовты әшкереледі. Каримовтың заңсыз әрекеттері дер кезінде тоқтатылды", – делінген Агенттік хабарламасында.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Агенттік Каримовтың бұрын да осындай қылмыстар жасаған болуы мүмкін екендігін айтады.

Бұған дейін Қызылордада антикорда істеймін деп, жалған куәлікпен жүрген тұрғын ұсталды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу