Антикорға сөз тасыған үш адам 1,2 млн теңге көлемінде сыйақы алды

769

Олар пара алған азаматтар туралы полицияға анонимді ақпарат берген.  

Антикорға сөз тасыған үш адам 1,2 млн теңге көлемінде сыйақы алды Фото: ptzgovorit.ru

Қостанай қаласында сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған үш адам 1 290 545 теңге сыйақы алды. Бұл туралы өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz.

"Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидаларына сәйкес, 3 азаматқа барлығы 1 290 545 теңге сыйақы берілді", - делінген хабарламада.

Сонымен бірге облыста 9 айдың ішінде жеңілдетілген бағамен сатылған қантқа қатысты да заңсыз әрекеттер анықталған. Дер кезінде қабылданған шаралардың нәтижесінде тұрақтандыру қорына 3 тонна қант қайтарылып, бірнеше жауапты азамат қызметінен босатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу