Антикорлықтардың жұмысы лауазымды тұлғаларды жауапқа тартуымен өлшенген

656

Жемқорлықпен қарсы күрестегі ескі тәсілдер көрсеткіш қуалауға итермелейді.

Антикорлықтардың жұмысы лауазымды тұлғаларды жауапқа тартуымен өлшенген

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жұмысын бағалауда ескі тәсілдер қолданылуда. Мысалы, осыған дейін аумақтық департаменттерге лауазымды тұлғаларды жауапқа тартқаны үшін ұпайлар қосылған. Балдың жоғары не төмен болуы шенеуніктердің дәрежесіне тікелей байланысты болып келген. Бұл туралы агенттікте өткен жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша алқа отырысында айтылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Бұл нонсенс! Әр басшы сандық көрсеткіштерді көздей отырып, азаматтардың өзекті мәселелерін шешуді емес, мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізуді ғана ойлаған. Біз нақты нәтижеге емес, процестің өзіне көбірек назар аудардық. Нәтижесінде, мұндай статистика аясында жемқорлық жағдайының жақсаруы айқын болмады", – деді Олжас Бектенов.

Сандық бағалау кезінде жедел уәкілдің жемқорлықты азайтуға мүдделі болмайтындығы атап өтілді. Керісінше, оған жемқорлық схемаларының сақталуы тиімді болған. Яғни, мұндай көрсеткіштер келесі есепке қосылып отырған. Мұндай жағдайлар кейде жоқ жерде қылмыстың жасалуына әкеп соғады. Есептегі әр сан адам тағдыры екендігі ұмытылады. 

Биыл сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша 2 қызметкер сотталды. Ал тәртіптік жауапкершілікке тартылған 142 қызметкердің бесеуі жұмыстан шығарылды.  

Жуырда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қарамағындағы қызметкерлердің жемқорлыққа төзбеушілігін тексеру мақсатында Integrity Check пилоттық апробациялауды бастамақ.

"Осы ұсыныстың бастамашысы ретінде өзімізден бастағанды жөн деп білеміз. Жаңа тәсілдерді қолдана отырып, өз қатарымыздың адалдығын қамтамасыз ететін боламыз", – деді Антикор басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу