Антиваксерлердің вакцина туралы әңгімесіне сенбеу керек

1207

Нұр-Сұлтан қаласы бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары Жанна Пірәлиева елордада ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін тұрғындардың шамамен 60%-ы вакцинациялануы тиіс екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Антиваксерлердің вакцина туралы әңгімесіне сенбеу керек

"Вакцина-бізді COVID-19-дан қорғайтын жалғыз механизм. Өздеріңіз көріп отырғандай, вирус жойылмай, мутацияланып, ауырғандар саны қайтадан өсіп жатыр", – деді бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің орынбасары. 

Оның сөзінше, вакцинациядан кейін вирус жұқтырып жатқан адамдар бар, алайда оларды саны аз және олар жеңіл ауырады. 

"Антиваксерлер тарапынан вакцина туралы әртүрлі пікір еститін шығармыз. Алайда бәріне сенбеу керек, өзіне сеніп, өз қауіпсіздігі үшін вакцина қабылдаған жөн. Өйткені әр адам өз отбасының денсаулығы мен өзінің әл-ауқаты үшін вакцина алады. Ұжымдық иммунитетті тез қалыптастыру үшін халықтың шамамен 60%-ы егілуі керек", – деді Жанна Пірәлиева.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу