"Ертіс" жанкүйерлеріне жақсы таныс Антонио Родриго қайтадан павлодарлық клубтың намысын қорғайтын болады. Кеше футболшымен еңбек келісімі жасалып, құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды prosports.kz.
30 жастағы бразилиялық жартылай қорғаушы мансабын өз отанындағы "Васко да Гама" сапында бастап, кейін португалиялық - "Маритиму", "Белененсиш", "Пасуш де Феррейра", "Ольяненси" командаларында өнер көрсеткен. 2016 жылы Израиль елінің "Бней Сахнин"командасында ойнаған.
2017 жылы "Ертіс" сапына қосылып, маусым қорытындысы бойынша ең көп матчқа қатысқан футболшы атанды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу