"Астана" УЕФА Чемпиондар Лигасыныңалғашқыіріктеу кезеңі аясында өз алаңында черногориялық "Сутьесканы" 1:0 есебімен жеңді. Сербия құрамасының қорғаушысы Қазақстанның төрт дүркін чемпиондары сапындағы алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды fcastana.kz.
Елорда командасының жаңа ойыншысы үшін бұл матч кәрі құрлықтың басты додасындағы алғашқы ойыны ретінде тіркелді. Рукавина осыған дейін "Вильярреал" сапында 2016/17 жылғы маусымда Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңіндегі матчта, тізімде болғанымен, "Монакоға" қарсы кездесуде алаңға шықпаған еді.
Антонио жалпы еурокубоктерде 27 ойында алаңға шығып, соның 23-де Еуропа Лигасының топтық кезеңінде ойнаған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу