Антониу Гутерриш ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Бішкекке арнайы ұшып келді

354

Бұл туралы Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі хабарлады.  

Антониу Гутерриш ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Бішкекке арнайы ұшып келді Фото: akipress.org

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Бішкекке келді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

1 қыркүйекте Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың төрағалығымен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кезекті отырысы және "ШЫҰ +" форматындағы жоғары деңгейдегі кездесу өтеді.

Қырғызстан президентінің баспасөз қызметінің мәліметінше, саммитке 17 елдің басшылары мен БҰҰ Бас хатшысы қатысады.

Айта кетейік, Қырғыз Республикасы 2027–2028 жылдарға арналған кезеңге БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу