Әнуар Жайнақов СІМ баспасөз қызметінен кетті

908

Әнуар Жайнақов СІМ баспасөз қызметінен кетті

Айбек Смадияров Қазақстан СІМ баспасөз қызметінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Астана журналистік корпусын жаңа баспасөз хатшысымен сыртқы саясат ведомствосының басшысы Қайрат Әбдірахманов таныстырды.

35 жастағы Айбек Смадияров кадрлық дипломат болып табылады. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін үздік бітірген. Бұрын СІМ-нің орталық аппаратында, Қазақстанның Мажарстандағы елшілігінде және президенттің баспасөз қызметінде әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды. Соңғы жылдары Қазақстанның Вьетнамдағы елшілігінде кеңесші болды.

"Сыртқы саясат ведомствосы бұқаралық ақпарат құралдары мен жұртшылық үшін ашық болып қала береді. СІМ президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сыртқы саясатын түсіндіру және насихаттау, мемлекет пен Қазақстан халқының мүдделерін халықаралық аренада қорғау бойынша жұмысын жалғастыратын болады", - деп айтты Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов журналистердің алдында.

СІМ баспасөз қызметінің бұрынғы басшысы Әнуар Жайнақов Нью-Йорктағы Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдігіне кеңесші болып тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу