Әнұранын үйренуді бастадым – Азаматтығын ауыстырған ресейлік спортшы

421

Жаңа маусымнан бері Қазақстан атынан өнер көрсетіп жүрген бұрынғы ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында еліміздің әнұранын үйренуге кіріскенін айтты.

Әнұранын үйренуді бастадым – Азаматтығын ауыстырған ресейлік спортшы Фото: inbusiness.kz

Төрт және үш мәрте қарғып секіруді жетік меңгерген 17 жастағы Самоделкина мамыр айында Ресей мәнерлеп сырғанау федерациясынан Қазақстан атынан жарысқа қатысуға сырттай жолдама алған.

"Мен Қазақстан әнұранының мәтінін үйренуді бастадым. Қазақша сөздерді дұрыс айта алатыныма сенімді емеспін, бірақ барымды саламын", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу