Журналист Қымбат Досжан әлеуметтік желіде Жәнібекке қатысты тараған қауесеттерге қатысты жауап берді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.
"Соңғы күндері Жәнібекке қатысты тіс ақпарат тарап кетті, анығын өзім айтайын.
Біріншіден, анасы әлі табылмады (әзірге дейік), әкесі жайлы да ешқандай ақпарат жоқ. Болжамды әкесі деп жұртты дүрліктірген ер адаммен біз 5 қаңтарда сөйлесіп, зерттеп, әкесі емес екенін бірден түсіндік. Басқа телеарнаға, эфирге қатысып жүргені бізге түсініксіз, өзіне аян болар", - деп жазды журналист.
Оның айтуынша, Жәнібектің ата-анасын іздеу әлі де жалғаса береді.
"Бармысың бауырым? редакциясы журналисток зерттеу жұмысынтолық атқарып шықты. Құжат бермей, ат-жөнін өтірік айтып, қолхат жазып, Жәнібек деген ұлын тастап кеткен әйелді - ресми құжаттар бойынша Жәнібектің анасы деп жазылған әйелді біз желтоқсанда таптық.
Бельгиялық әйелдің Арқалыққа келіп, бәленбай мың еуро санап бердім деген кісіні де білеміз", - деді ол.
Қазіргі уақытта тергеп-тексеру ісі жүріп жатыр, ол құқық қорғау органдарының қолында. Күні бүгінге дейін 28 әйел, 1 ер кісі анализ тапсырды. Нәтиже жоқ. Тағы да болжамды ана немесе әке болуы мүмкін адамдар бар, зерттеу тоқтаған жоқ.
"Екінші мәселе: Жәнібектің Испанияда айналысатыны маусымдық жұмыс(туристерге қызмет көрсету) ол орта мектепті бітірген соң біздегідей бірден универге түспеген, бірақ жоғары оқу орнында оқу жоспарында бар. Білімді әрине, сол Еуропада алсам деп ойлайды. Майоркада жалғыз өзі пәтер жалдап тұрады, жекеменшік баспанасы жоқ. Отбасым деп, ең жақын достарын айтады. Жануарларым деп ранчоға барып, (тағы да жалданып) өзі баптап көмектесіп жүрген аттарын да қосып айтады. Жәнібектің басында үйі де, құрған отбасы да жоқ. Асырап алған шешесі Бельгияда қалған.
Сабырлық сақтайық, шынайы ақпарды "Бармысың,бауырым?" хабарынан күтіңіздер", - деді Қымбат Досжан.