Анықталған заңсыз қоқыс орындары толығымен жойылған жоқ

Қоқыс орындарының ең көп саны Қарағанды, Ақмола облыстарында және Астана қаласында тіркелді.

Анықталған заңсыз қоқыс орындары толығымен жойылған жоқ Фото: google.com

Бұл туралы Үкімет отырысынла  Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Өткен жылдың соңында Өзіңіздің төрағалығыңызбен өткен Жасыл экономика жөніндегі кеңесте әкімдіктерге 2023 жылғы 1 маусымға дейін барлық заңсыз қоқыс орындары жоюды қамтамасыз ету тапсырылған болатын. Ғарыштық мониторинг мәліметтері бойынша 2022 жылы анықталған заңсыз қоқыс орындары толығымен жойылған жоқ, жойылған бөлігі 77% құрайды. Қоқыс орындарының ең көп саны Қарағанды, Ақмола облыстарында және Астана қаласында екені анықталды, Ақмола облысы бойынша – 830 (оның 88% жойылды), Қарағанды облысында – 745 (оның 99% жойылды). Қоқыс орындарын жою жұмыстары Абай (10 %), Ұлытау (15 %) облыстарында және Астана қаласында нашар  жүргізілді", – деп атап өтті министр. 

2023 жылдың мамыр айынан бері 5578 қоқыс орны анықталып, оның 50% (2794 нысаны) ғана жойылды. Сондай-ақ, бірнеше өңірде қоқыс полигондарын жою бойынша жұмыс деңгейінің төмен екені байқалды. 

"Олар Абай және Маңғыстау облыстары – 16% (Абай облысында 348 нысан анықталды, оның 57-сі жойылды; Маңғыстау облысында 111 нысан анықталды, оның 18-і жойылды), Ұлытау облысында – 20 % (анықталған 205 нысанның 42-і жойылды), Астана қаласында – 30 %-ды құрады (338 нысан анықталды, оның 104-і жойылды). Әлихан Асханұлы, өткен бейсенбіде ғана жою деңгейі 44%-ды (2475 нысан) құрағанын атап өткім келеді. Яғни, қысқа мерзімде (3 күн) 330-ға (6%) жуық заңсыз қоқыстар жойылды", – деді министр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу