Анықтама алу үшін енді кезек күтіп тұрмаймыз

2032

Елімізде анықтамалардың 28 түрін алып тастау ұсынылды.

Анықтама алу үшін енді кезек күтіп тұрмаймыз

Ай сайын мыңдаған қазақстандық мекенжай және жылжымайтын мүліктің бар-жоғы туралы анықтамалар алу үшін ХҚКО-ға сабылады. Жуырда "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы 28 анықтаманы қысқартуды ұсынды. 

"Қазақстандықтар жылына ХҚКО арқылы 10 млн-ға жуық мекенжай анықтамасын алады. Оны жұмысқа тұру барысында, балаларды мектепке немесе балабақшаға қабылдаған уақытта талап етеді. Бұл құжатты алып тастау болашақта қазақстандықтар ХҚКО-ға айтарлықтай азырақ келеді деген сөз",- дейді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорацияның басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева.

Аталмыш анықтамаларды реестрден алып тастау бойынша соңғы шешімді ведомствоаралық комиссия қабылдайды. Соның нәтижесінде құжаттардың қайсысы қажетті ақпараттар тізіміне ауысады, ал қайсысы мүлде қысқаратыны анықталады. 

Жыл сайын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы қазақстандықтарға 30 млн мемлекеттік қызмет көрсетеді. Олардың басым бөлігі ақпараттық анықтамалар. 

Сонымен қатар, жуырда Halyk Bank шот туралы деректер, есеп-шоттан үзінді көшірмелерді банк бөлімшелеріне бармай, онлайн алуға болатынын хабарлады. Енді Halyk Bank  пен Qazkom карталарының иелері Homebank арқылы бұл анықтамалардың PDF-нұсқаларын пайдалана алады. Бұл зейнетке, декреттік демалысқа шығатын немесе жаңа қызметке тұратындардың жұмысын айтарлықтай жеңілдетпек. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу