Анықтамаларды үшінші тұлғалар арқылы алу мүмкін болды

1612

Анықтамаларды үшінші тұлғалар арқылы алу мүмкін болды

2018 жылдан бастап eGov.kz порталында электрондық анықтамаларды үшінші жақпен алу сервисі қолжетімді болды, деп хабарлайды nitec.kz.

Қызмет тегін көрсетіледі. Азаматтар үшінші жақпен әрбір алынған анықтамаларға sms-хабарлама арқылы рұқсат береді. Егер пайдаланушы порталда және мобильдік азаматтар қорында тіркелсе, онда оның жеке кабинетіне сұраныспен келісу (бас тарту) үшін хабарлама жіберіледі, сондай-ақ мемлекеттік және орыс тілдерінде 2 sms-хабарлама арқылы электрондық анықтаманы үшінші жақпен алуды растау сұранысы келеді. Сұраныс расталғаннан кейін ғана, хабарламаға жауап беру арқылы, үшінші жақтың "жеке кабинетіне" пайдаланушының атындағы электрондық анықтама келіп түседі.

Үшінші жақ ретінде жеке тұлға да, заңды тұлға да әрекет ете алады, ал пайдаланушы ретінде тек қана жеке тұлға ғана әрекет ете алатынын атап өткен жөн.

Осы сервис "Анықтамасыз қызметтер" жобасын іске асыру шеңберінде пилоттық режимінде іске қосылды және бүгінгі таңда үшінші жақпен тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы, жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтамасы сияқты анықтамаларды алу үшін әрекет етеді. Сонымен қатар, ағымдағы жылғы ақпанда сервис тізіміне сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтама қосылады.

Бүгінгі күні үшінші жақпен 145 мекенжай анықтамасы, 22 жеке тұлғаның жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы анықтама және 16 жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтарды) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама алынды.

Мобильдік азаматтар қорында тіркелу үшін пайдаланушы электрондық үкімет порталының "жеке кабинетіндегі", "телефон" сызық жолына телефон нөмірін енгізіп, осылайша өзін Порталдағы mGov мобильдік қорында тіркеу немесе ХҚКО-ға жүгініп, телефон нөмірін ЖСН-ға бекіту керек екенін еске саламыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу