Ол реактивті снарядтың украиндерге тиесілі екеніне сенімді. Солай бола тұра көршілерін жазғырып отырған жоқ. Естеріңізде болса, Зеленский поляктардың мәлімдемесінен соң "Жарылысқа біздің еш қатысымыз жоқ", - деп мәлімдеме жасаған еді. Тіпті ол зымыран қалдықтары оның Ресейге тиесілі екенін көрсетті деген. Ал Польша Президенті болса, оны "Абайсызда жасалған әрекет - баршамыздың ортақ трагедиямыз", - деп бағалады.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        