АӨК-ке салынған инвестиция бір жылдың ішінде бір жарым есе өсті

1149

Капиталдық салымның үштен екісін фермерлік шаруашылықтар мен сектордың басқа да кәсіпорындарының жек қаражаттарына тиесілі, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы finprom.kz зерттеуіне сілтеме жасап.

АӨК-ке салынған инвестиция бір жылдың ішінде бір жарым есе өсті

2021 жылдың қаңтары мен мамыры аралығында ауыл және орман шаруашылығына, балық шаруашылығы саласында негізгі капиталға салынған инвестиция 213,8 млрд теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш – бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 47,4% артық. Инвестициялардың нақты көлемінің өсімі 46,8% құрады.

Инвестициялық салымдардың 99% өсімдік, мал және аң шаруашылығына салынған.

"Балық шаруашылығы секторында да капиталдық инвестициялар 0,9%, яғни 2 млрд теңгені құрады. Бір жыл бұрынғы көрсеткіштен бұл сома 4 есе көп. Орман шаруашылығы мен ағаш кесу саласына салынған инвестиция көлемі бар-жоғы 0,04% құрады", - делінген зерттеуде.

Аймақтық бөліністе салымның төрттен бір бөлігі Солтүстік Қазақстанға тиесілі: 54,2 млрд теңге. Екінші орында 41,9 млрд теңгемен Ақмола облысы тұр (өсім – 2,7 есе). Инвестиция салымы жағынан үшінші орынды 26,2 млрд теңге (+27,8%) инвестициясымен Қостанай облысы түйіндейді. Ал ауыл шаруашылығы аймақтары саналатын Алматы облысында бұл жолы инвестиция 26,3% азайған. 

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу