АӨК-ке салынған инвестициялар көлемі ақшалай мәнде 29%-ға артты

484

Секторда инвестиция көп тартылған өңірлерге Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Ақмола облыстары кіреді.

АӨК-ке салынған инвестициялар көлемі ақшалай мәнде 29%-ға артты Фото: kazgazeta.kz

Биылғы қаңтар-сәуір айларында ауыл, орман және балық шаруашылықтары саласындағы негізгі капиталға құйылған инвестициялар 196,5 млрд теңгеге жетті. Былтырғыға қарағанда құндық мәндегі өсім 29,3 пайызды құрады. Сектордағы капитал салымдарының нақты көлемінің өсімі 26,5 пайыз, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz порталына сілтеме жасап.

Инвестициялардың айтарлықтай көлемі өсімдік шаруашылығы, жануарлар шаруашылығы, аң аулау және осы саладағы қызмет көрсетулерге тиесілі: 192,8 млрд теңге. Ақшалай мәндегі өсім бір жылдың ішінде 28,6%-ды құрады. 

Өңірлік бөліністе инвестициялардың айтарлықтай бөлігі (48,9 млрд тг) СҚО-ның үлесіне тиді. 

Көшбасшы аймақтардың қатарында Қостанай (25,4 млрд теңге), Павлодар (24,6 млрд тг) және Ақмола (24,4 млрд тг) облыстары бар. 

Сектордағы инвестициялардың үлкен бөлігі кәсіпорындардың өз қаражаты есебінен қамтамасыз етілді: 143,4 млрд тг.

Капитал салымдарының банктік емес қаражаты 46,4 млрд теңгені құрады. Банктік несиелер есебінен – 6,7 млрд тг, жергілікті бюджет – 19,8 млн тг.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу