АӨК саласын сақтандырудың жаңа жүйесі пайда болды

1545

Сақтандыру операторы –  "ҚазАгро" холдингінің еншілес ұйымы - Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры. 

АӨК саласын сақтандырудың жаңа жүйесі пайда болды

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры Қазақстанда ауылшаруашылық сақтандырудың жаңа жүйесі күшіне енген мәлім етті.       

Сақтандыру операторы –  "ҚазАгро" холдингінің еншілес ұйымы - Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры.

Сақтандырудың жаңа түрінің  2004 жылдан бастап қолданыста болған өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру түрінен айырмашылығы  – ерікті сақтандыру.

Сондай-ақ сала бойынша шектеу жоқ. Аграрлық сектордың кез келген  саласын сақтандыруға болады.    

"Мемлекеттік қолдау сақтандыру сыйақыларын субсидиялау түрінде көрсетіледі. Ол ауылшаруашылық тауар өндірушілерін ынталандыруға және сақтандыру келісімшартының құнын екі есеге азайтуға бағытталған: сақтандыру сыйақысының 50% -ы мемлекет тарапынан субсидияланады, ол үшін биыл республикалық бюджеттен шамамен 2,5 млрд теңге бөлінді", деп көрсетілген хабарламада.    

Сондай-ақ  жаңа жүйені әзірлеу кезінде өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандырудың проблемалық мәселелерін ескерілген.

"Ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің мүдделерін қорғау үшін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі лицензиялаған сақтандыру компаниялары ғана жұмыс істей алады", – деді "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ басқарушы директоры Асқар Қалиев.      

Жүйеге әлемдік сақтандыру нарығында "А" рейтингі бар үш халықаралық қайта сақтандыру компаниясы кіреді. Олар отандық компаниялар қабылдаған тәуекелдерді қайта сақтандырады. Бұл сақтандыру тәуекелі туындаған жағдайда кепілдендірілген төлемдерді қамтамасыз етеді.

Келісімшарт жасалғаннан бастап төлемдерді бергенге дейінгі барлық рәсім Qoldau.kz электрондық платформасында ауылшаруашылық тауар өндірушісінің электрондық цифрлық қолтаңбасы негізінде жүзеге асырылады.

Сондай-ақ сақтандыру жүйесі агроөнеркәсіптік кешен дамыған сайын сақтандыру өнімдерінің тізімі нарықтағы қажеттілік пен сұранысты ескере отырып кеңейетін болады.

"Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ агроөнеркәсіптік кешеннің басым секторларындағы шағын бизнеске шағын несие берумен айналысады және "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында несие беруші ретінде әрекет етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу