АӨК саласында 34 инвестициялық жоба жүзеге асырылады

726

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына барды.

АӨК саласында 34 инвестициялық жоба жүзеге асырылады

Министр Солнечное кентіндегі "Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығы" ЖШС қызметімен танысып, 1 200 басқа арналған сүт-тауар фермасын, серіктестіктің селекциялық жетістіктер көрмесін, оқу орталығын, кәсіпорын қызметкерлері үшін салынып жатқан тұрғын үй кешенін аралап бірқатар жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысып қайтты. 

Сонымен қатар "ОХМК" ЖШС-да облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесу өткізді. Өңірдің АӨК мәселелері және оларды шешу жолдары талқыланды. 

Аграршылармен сұхбат барысында "Кең Дала" бағдарламасы шеңберінде форвардтық сатып алу және жеңілдікпен кредит беру көлемі ұлғайтылғаны туралы айтылды. Қазіргі уақытта Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен бірлесіп субсидиялаудың жаңа тетігін әзірлеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.  

Ауыл шаруашылығы министрі Алтай ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге, қайта өңдеуге, сатуға және сақтауға мамандандырылған "Луч" алдыңғы қатарлы шаруа қожалығына барды.

Алтай ауданындағы өсімдік шаруашылығының үлесіне ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің 81% тиесілі. 2022 жылы егіс алқабы 75,4 мың га құрады, өткен жылмен салыстырғанда 1,2 мың га артық.

"Шығыс Қазақстан облысында 2022-2024 жылдар кезеңінде АӨК саласында 34 инвестициялық жоба, сондай-ақ оларды іске асыру үшін инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізу жоспарланған", – деп атап өтті Е.Қарашөкеев.

Бұдан бөлек, Е.Қарашөкеев, ҚР агроөнеркәсіптік кешенін қолдауға ағымдағы жылы 310 млрд теңгеден астам субсидия қарастырылғанын, оның ішінде өсімдік шаруашылығына – 80 млрд теңге, мал шаруашылығына – 100 млрд теңге, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге – 8,4 млрд теңге, қаржы құралдарына – 120,4 млрд теңге бөлінетінін атап өтті.

Отандық агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақтылығын сақтау үшін агробизнес субъектілерін қаржыландыруға қосымша 298,1 млрд теңге бөлінгенін, оның ішінде саланы субсидиялауға 139 млрд теңгеден астам қаражат бағытталатыны атап айтылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу