АӨК субъектілеріне кепілдік жүктемесі жеңілдейді

1179

АӨК субъектілеріне кепілдік жүктемесі жеңілдейді

"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ мен "KazakhExport" ЭСК АҚ мал бордақылайтын алаңдар бойынша өтінімдерді қарастыру және қаржыландырудың бірлескен реттемесіне қол қойды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Бордақылау  алаңдары бойынша жобаларды қаржыландыру шарттары бойынша АНК қарыз алушылары  айналым қаражаты есебінен қарыздың 90 пайызына дейін кепілдікті қамтамасыз ету ретінде KazakhExport сақтандыру арқылы қорғауды пайдаланады.

Құжатқа "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ басқармасының төрағасы Нармұхан Сарыбаев пен "KazakhExport" ЭСК АҚ басқармасының төрағасы Руслан Искаков өз қолдарын қойды.

Құжатта кредитордың АНК атынан қарыз алушы клиентпен және KazakhExport атынан сақтандырушымен өзара әрекеттесуі қарастырылған. Құжатқа қарыз алушыға қаржыландыру және кепілдік беру туралы қорытынды шешім қабылданғаннан кейін, кейбір рәсімдерді жеңілдету және неғұрлым ыңғайлы несие шарттарын бекіту мақсатында қол қойылды.

Қол қойылған регламентке  сәйкес қаржыландыруға өтінімдерді қарау мерзімдері едәуір қысқаратын болады, жобаны сараптау және қарыз алушылардың сенімділігін бағалау кезеңдері жеңілдетіледі, соның негізінде АНК несиені беру туралы шешім қабылдайды. Содан кейін, AНК  сақтандырушыға (KazakhExport) жобаны жүзеге  асыру үшін клиентке сақтандыру арқылы қорғауды ұсыну мәселесі бойынша шешім қабылдау үшін құжаттарды ұсынады.

Қарыз алушы мал бордақылайтын орындарды толтыруға қарыз алу үшін тек қаржыландыруға өтінім беруі ғана керек, ал кепілдеме беру мәселесін қарыз беруші қарыз алушының құжаттарын сақтандырушыға өткізгеннен кейін АНК мен KazakhExport өз деңгейлерінде талқылайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу