АӨК-тегі 1 теңге субсидияға 4 теңге жеке инвестиция келеді

746

Павлодар облысында ет, сүт өндірісі, қайта өңдеу және басқа бағыттарды дамыту жолға қойылған. Бұл туралы өңір басшысы Әбілқайыр Сқақов елордада өткен есеп беру кездесуінде мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

АӨК-тегі 1 теңге субсидияға 4 теңге жеке инвестиция келеді

"Биыл ет өнімдерінің экспорты 40%-ға өсті. Жыл соңына дейін 4 мың ірі қара мал басына арналған тағы 5 мал шаруашылығы объектісін іске қосу жоспарланған. Қайта өңдеу кәсіпорындарының өндірісі 9 айда 90 млрд теңгеден асты, жыл соңына дейін барлығы 32 нысан іске қосылады. Осының барлығы Павлодар облысының агроөнеркәсіптік кешенінің инвестициялық тартымдылығын арттырады. Қазір субсидиялардың 1 бюджеттік теңгесіне 4 теңге жеке инвестициялар келеді", – деді облыс әкімі. 

Сонымен қатар "Ауыл – Ел бесігі" бағдарламасы арқасында 2019 жылдан бастап Павлодар облысының 120 мыңға жуық тұрғыны немесе облыстағы барлық ауыл тұрғындарының тең жартысының өмір сүру жағдайы жақсарған. 169 әлеуметтік нысан салынып, жөндеу жүргізілген. Биыл осы бағытта 70 жоба іске асырылуда. Мысалы, 10 мектеп, 4 балабақшаға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, дәрігерлік амбулатория салынды, 80 шақырымнан астам ауылішілік жолдарға орташа жөндеу жүргізілді. 

"Ауылдағы өмір сапасының басты көрсеткіші – таза ауыз суға қол жетімділік. Бұл мәселе ерекше бақылауда. Жыл соңына дейін қолжетімділік деңгейін 94,7%-ға дейін жеткіземіз. Жалпы соңғы екі жылда бұл көрсеткіш 20%-ға өсіп, қамту – 40,6 мың адамға артты. Осылайша, біз жобаларды іске асыруды тездетіп, 2024 жылы 100% көрсеткішке жетеміз", – деген уәде берді өңір басшысы Әбілқайыр Сқақов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу