АӨК-ті мемлекеттік қолдау тәсілдері қайта қаралды

Құрамына ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, салалық одақтар мен қауымдастықтар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, мемлекеттік органдар, ғылыми ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ парламент депутаттары кіретін арнайы жұмыс тобы 9 отырыс өткізді.  

АӨК-ті мемлекеттік қолдау тәсілдері қайта қаралды Фото: google

Олардың қорытындысы бойынша қолданыстағы қағидалардың негізгі контурларын сақтай отырып, субсидиялаудың жаңа жүйесі әзірленді, деп жазады inbusiness.kz.  

Қаражат бойынша субсидиялаудың барлық бағыттары өзгеріссіз қалады:

  •  бағытына байланысты 15% -дан 80% -ға дейінгі нормативтермен инвестициялық субсидиялау; 
  •  қарыз алушы үшін мөлшерлемені жылдық 6% - ға дейін төмендете отырып, кредиттер мен лизингер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;
  •  сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялау. Норматив 50% - дан 80% - ға дейін ұлғайтылды, бұл барлық туындайтын тәуекелдерді азайтуға, сақтандырылған егіс алқаптарын кеңейтуге, сондай-ақ мал мен құстарды сақтандыруды ұлғайтуға мүмкіндік береді.

– кепілдік мөлшері негізгі борыштан 50% -ға дейін, басым бағыттар бойынша 85% - ға дейін қарыздарға кепілдік беруді сақтандыруды субсидиялау.

Өсімдік шаруашылығындағы бағыттар мен нормативтер сақталды. Қант қызылшасын өсірудің тартымдылығын арттыру үшін оны өндіруді субсидиялау нормативі тоннасына 15 мың теңгеден 25 мың теңгеге дейін ұлғайтылады.

Бұл ретте сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және әкімшілендіруді оңайлату үшін аударым өтінімдерінің күші жойылады.

Мал шаруашылығында асыл тұқымды мал басын сатып алу кезінде шошқа шаруашылығын қоспағанда, барлық қолданыстағы субсидиялау нормативтері өзгеріссіз қалады. Шошқаның басы үшін өтеу нормативі құнының 50% құрайды, бірақ бұрын қолданыста болған 140 мың теңгенің орнына бір бас үшін 100 мың теңгеден аспайды. 

Селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс саласында жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне байланысты бұқалар мен қошқарларды жалға беруді субсидиялау ғана жойылады.

Тауар-спецификалық субсидиялар өзгеріссіз қалады. Алайда келесілер күшін жояды:

  • күркетауық еті мен суда жүзетін құстар субсидиялау, өйткені олар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жатпайды;
  • меншікті аналық басы жоқ кооперативтерге дистрибьюторлық орталықтар көрсеткен қолдан ұрықтандыру жөніндегі қызметтерді субсидиялау;
  • асыл тұқымды мал импорты кезінде екінші деңгейлі банктегі қаржы институтының арнайы шотына субсидиялар аудару.   

Жұмыртқа шаруашылығы бойынша норматив бір жұмыртқа үшін 3 теңге болып қалады. Бұл ретте 1-санаттағы жұмыртқаларды сатудың шекті бағалары әкімдіктермен жасалған меморандумдар негізінде белгіленеді.

Бұқашықтар мен тоқтыларды бордақылауға және ет комбинаттарына тапсыру бойынша субсидиялау нормативтері өзгеріссіз қалады. Алайда, малды өздерінің бордақылау алаңдарына көшіретін шаруашылықтар үшін орын ауыстыру нормасы жойылады.

Жемшөпті субсидиялау бойынша субсидияларды алудың нормативтері мен критерийлері ғылыми ұйымдардың ұсынымдары негізінде әкімдіктердің қаулысымен бекітіледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу