Ақтөбе қаласындағы Смағұлов көшесіне қар жауғанда асфальт төселді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Халық қатысатын бюджет" жобасы аясында көшеге асфальт төселуі тиіс болды. Тапсырыс беруші – Ақтөбе қаласы Алматы ауданы әкімдігі. Алайда мердігер жазда емес, күз келіп, қар жауғанда асфальт төседі.
Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан асфальттың әп сәтте үгітіліп жатқанын көруге болады.
"Alau Qurylys04" ЖШС Алматы ауданына ескертпей, өз бетімен асфальт әкелген. Алматы ауданы әкімдігінен өкілдер барып, мердігерге ескерту жасады, жұмысы қабылданбайтыны, келісімшарт үзілетіні ескертілді. Сотқа беріледі, – деді Алматы ауданы әкімдігінің сектор меңгерушісі Алмас Ержанұлы.