Апалы-сіңлілі Елизаветалар Қазақстанның шөлді аймағын жаяу жүріп өтпек

1397

Бұл туралы Қазақстандағы Ұлыбританияның елшілігінің парақшасында ақпарат жарияланды. Рози Стэнсер – танымал британдық зерттеуші әрі ІІ Елизаветаның немерелес сіңлісі болып келеді, деп хабарлайды inbusines.kz.

Апалы-сіңлілі Елизаветалар Қазақстанның шөлді аймағын жаяу жүріп өтпек

"2004 жылы ол шаңғымен ешқандай керек-жарақсыз Оңтүстік полюсты басып өткен. Сол тұста ол өз салмағынан екі есе жүкті шанамен сүйреп, 1100 шақырым жолды жүрген. Қазір Рози Қазақстандағы Аралқұмда экспедицияда жүр. Ол – Арал теңізі құрғап қалғаннан кейін пайда болған ең жас шөл дала", - делінген хабарламада.

Рози өзінің зерттеуші құрбысымен 600 шақырым жолды басып өтпек. Жол бойынша олар аймақты зерттеп, Көкарал су қоймасын да көріп қайтуды көздеп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу