Апат болған шахтада жұмыс бір тәулікке тоқтатылды

504

Шахтинскідегі апаттан кейін "АрселорМитталдың" 8 шахтасында жұмыс бір тәулікке тоқтатылған. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин өңірлік коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингіде мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Апат болған шахтада жұмыс бір тәулікке тоқтатылды Фото: tengrinews.kz

"Қазіргі таңда "АрселорМитталдың" бүкіл шахталарындағы жұмыс қосымша түсіндіру жұмысын жүргізіп, учаскелерді тексеру үшін және шахтаға түсіп жұмыс істейтін жұмыскерлерден сынақ қабылдау үшін бір тәулікке тоқтатылған. Ал Ленин атындағы шахтаның апат салдарын жою жұмыстарына қатысты шешім сараптама комиссиясының жұмысы аяқталғаннан кейін ғана қабылданады", - деді Юрий Ильин.

Ал облыс әкімі Жеңіс Қасымбек қалған жеті шахтаның ертеңнен бастап жұмысын қайта жалғастыратынын еске салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу