Апатқа ұшыраған автобустың жүргізушісі ауруханаға жатқызылды

1789

Оған жабық бас-ми жарақаты диагнозы қойылды.

Апатқа ұшыраған автобустың жүргізушісі ауруханаға жатқызылды Фото: Валерий Шарифулин/ТАСС

Алматыда апатқа ұшыраған автобусты тізгіндеген 36 жастағы әйел адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Апатқа ұшыраған №47 автобустың жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

"Автобусты басқарған 36 жастағы әйел адам №7 қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды. Оған жабық бас-ми жарақаты диагнозы қойылды", - деді Қоғамдық денсаулық басқармасындағылар.

Айта кетсек, бүгін кешкі сағат 18.15 кезінде №47 қоғамдық көліктің жүргізушісін ер адам ұрған, есінен танған жүргізуші көлікке ие бола алмай автобус аялдамадағы адамдарды қақты. Салдарынан үш адам қаза тауып, төртеуі жарақат алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу