Апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының екінші ұшқышы қайтыс болды

924

 2019 жылдың 27 желтоқсанында Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан 93 жолаушы және 5 экипаж мүшесі мінген ұшақ апатқа ұшыраған болатын.  

Апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының екінші ұшқышы қайтыс болды

Алматы маңында ұшақ апатынан жарақат алған екінші ұшқыш қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл ақпаратты Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі растады.

Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, пилот 21 қаңтарда №4 қалалық клиникалық ауруханадан емханада амбулаториялық емделуге жағдайы тұрақты күйде үйіне шығарылған.

"Емханада кардиолог, хирург, терапевт, психологтардың қарауында болған. Бүгін сағат 18.00-да Жедел жәрдем қызметіне оның жағдайы кенет нашарлап кеткені жөнінде шақырту түскен. Жедел жәрдем дер кезінде келді, жүрек қызметін қалпына келтіру жөніндегі барлық реанимациялық іс-шаралар жасалды, алайда оның барлығы нәтижесіз болды", – деп мәлім етті басқарма өкілі.

Әуе кемесінің командирі 57 жастағы Марат Мұратбаев оқиға орнында қаза болды. Ал екінші ұшқыш Миржан Молдақұлов ауыр жарақат алды, оның омыртқасына күрделі ота жасалған еді. Қазіргі мәлімет бойынша пилот үйінде көз жұмған. Марқұмды ауруханадан 21 қаңтар күні шығарған. Ұшқыш өлімінің себеп-салдары белгісіз.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу