Апатқа ұшыраған МиГ-31 жойғыш ұшағының ұшқыштары ауруханада жатыр

669

Бұл МиГ-31 ұшағының Қазақстандағы төртінші рет апатқа ұшырауы.

 Апатқа ұшыраған МиГ-31 жойғыш ұшағының ұшқыштары ауруханада жатыр

Қарағанды қаласы маңында апатқа ұшыраған МиГ-31 жойғыш ұшағын подполковник А. Құрманғалиев пен подполковник И. Гаврилконың басқарғандары белгілі болды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

"Олар тәжірибелі әскери ұшқыштар. А. Құрманғалиевтің жалпы ұшу уақыты 888 сағат болса, ал И. Гаврилконыкі –1161 сағатты құрайды",– деген мәлімет берді ведомство.

Апат орнына  Қазақстан Әскери-әуе күштерінің жердегі іздестіру-құтқару қызметі бірінші болып келіпті. Ұшқыштарға оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін, олар Қарағанды қаласының ауруханасына эвакуацияланған.

Қазіргі кезде ұшқыштарға қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Дәрігерлер біреуінің жағдайын қанағаттанарлық, екіншісінікі орташа ауырлықта деп баға беруде.

"Қорғаныс министрлігінен тағайындаған комиссия авиациялық оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті. Апат орнына Әуе қорғаныс күштерінің бас қолбасшысы мен Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы ұшып кетті",– деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, апатқа ұшыраған ұшақ 1991 жылы шығарылған. Бұл МиГ-31 ұшағының Қазақстандағы төртінші рет апатқа ұшырауы. Бұдан бұрынғы оқиғалар 2007, 2008, 2013 жылдары орын алған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу