Апатқа ұшыраған пойыздың 400-ден астам жолаушысы Алматыға жеткізілді – ҚТЖ

758

Апатқа ұшыраған пойыздың 400-ден астам жолаушысы Алматыға жеткізілді – ҚТЖ

Еліміздің оңтүстігінде апатқа ұшыраған №10 пойыздың 400-ден астам жолаушысы Алматыға жеткізілді, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК"АҚ баспасөз қызметі. 

"Жолаушыларды белгіленген пункт Шу стансасына дейін шұғыл жеткізу үшін 7 жолаушылар вагоны жөнелтілді", деп жазылған хабарламада. 
Келген жолаушыларға Алматы-1 теміржол вокзалында медициналық көмек көрсетілді. Сондай-ақ қосымша ақпараттық-анықтамалық аймақта жолаушыларға темір жол билеттерінің құнын қайтару үшін кеңес берілді. 
ҚТЖ баспасөз қызметі теміржол апаты Астана-Алматы учаскесі бойынша жүретін пойыздар қозғалысы кестесіне әсер етпейтінін айтты. 
Жексенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 13.25-те Жамбыл облысының Шу ауданында Астана-Алматы қатынасындағы №9/10 жолаушылар пойызының сегіз вагоны рельстен шығып кеткен, оның үшеуі аударылып қалған. Апат салдарынан 12 жасар бала қайтыс болды. 
Көлік полициясы ҚР Қылмыстық кодексінің 344- бабының 2 бөлігі (темір жол, әуе, теңіз немесе өзен көлігі қозғалысы мен пайдаланудың қауіпсіздік ережесін бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу