Қара теңіздің үстіне құлаған Ту-154 ұшағы қарайтын Ресей қорғаныс министрлігінің Чкалов 800-ші әуе базасы таратылады. Бұл туралы "Известияға" сілтеме жасап Life.ru хабарлайды.
Болжам бойынша, базаның орнында ерекше мақсаттағы авиациялық база құрылады. Аталмыш мекеме 2010 жылы таратылған болатын. Бүгінгі күнге дейін әуе паркі әскери және азаматтық мамандарды жанжал аймақтарынан тасымалдау және көшірумен айналысып келді.
Естеріңізге сала кетейік, 25 желтоқсанда Ресейдің қорғаныс министрлігінің ұшып шыққан Ту-154 ұшағы арада бірнеше минуттан соң Қара теңізге құлады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу