Сейсенбі күні РФ Қорғаныс министрлігі 25 желтоқсанда Қара теңізге құлаған Ту-154 ұшағының борттық негізгі жазу құралы табылғанын хабарлады.
Мәскеу уақытымен сағат 05:42-де "Фалкон" телебасқару аппараты жағалаудан 1600 шақырым қашықтықта 17 метр тереңдікте борттағы өздігінен жазу құралын тапты", – деді РФ Қорғаныс министрлігінің ақпарат және бұқаралық коммуникация департаменті.
Қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша, алдағы уақытта әскери-көлік авиациясының ұшағы борттық өздігінен жазу құралын Люберцыға Әскери-әуе күштерінің орталық ғылыми-зерттеу институтына жеткізеді. Аталмыш институттың мамандары қара жәшіктің жазбаларымен айналысатын болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу