Апаттар медицина орталығы: Қазақстан жолдарында бір аптада 12 адам құтқарылды

672

Биыл қыс басталғалы қар құрсауында қалған 75 адам эвакуацияланды.  

Апаттар медицина орталығы: Қазақстан жолдарында бір аптада 12 адам құтқарылды Фото: gov.kz

Қыс басталысымен Апаттар медицинасы орталығының трассалық медициналық-құтқару пункттерінің республика жолдарындағы жол-көлік оқиғаларына шығуы, сондай-ақ автокөліктің сынуына байланысты жолаушыларды эвакуациялауы жиіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz.

ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы ММ хабарлауынша, тек өткен аптада трассалық медициналық-құтқару пункттерінің бригадалары 12 адамды эвакуациялаған, оның ішінде 9-ы – Өзбекстан, 1-уі – Тәжікстан, 2-уі – Қазақстан азаматтары.

"Мәселен, 21 қарашада Қарағанды облысының "Ақсу-Аюлы" ТМҚК қызметкерлері "Қайрат" дәмханасына бұзылған автокөліктен 2 адамды эвакуациялады.

Сондай-ақ 24 қарашада сағат 3.12-де "Шығанақ" трассалық пунктіне Меркі-Бурылбайтал трассасында жолаушылар тиеген автобустың бұзылып қалғаны туралы ақпарат түсті. Тоңып қалған адамдарға көмек көрсетуге ТМҚП шұғыл әрекет ету бригадасы шықты. Барлық жолаушыны дәрігерлер тексерді, 10 адам "Айғаным" дәмханасына эвакуацияланды", - дейді ведомство өкілдері.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда авариялық-қауіпті жол учаскелерде ТЖМ бөлімшесі – 40 трассалық медициналық-құтқару пункті (ТМСК) қызмет көрсетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу