Резистограф құрылғысы ағаштардағы шіріген жерін және ішкі ойықтарын анықтай алады. Ал импульстік томограф тамыр жүйесінің зақымдануын және ағаштың нақты күйі мен өміршеңдігін анықтайды.
Құрылғылар апатты ағаштарды кесу процесінде өте тиімді, бұл кейіннен қаладағы жазатайым оқиғалардың алдын алуға, сондай-ақ қала инфрақұрылымы мен азаматтардың мүлкіне зиян келтірмеуге ықпал етеді.
Апатты ағаштар кесіліп, жойылған ағаштардың орнына 10 жас ағаш отырғызылады. Биыл 17 мыңға жуық ағаш кесіледі. Бірінші кезекте балабақшалар, мектептер, ауруханалар мен мемлекеттік мекемелердің жанындағы магистральдық көшелерге қызмет көрсетіледі.
Ағаштарды кесу тізімі қалалық экология және қоршаған орта басқармасымен, сондай-ақ тұрғындар мен қоғам белсенділерінің өтінімдері бойынша қалыптастырылады.