Апатты жағдайда қонған әскери ұшаққа қатысты тергеу аяқталды

800

Арнайы құрылған комиссия "төтенше жайтқа шассидің алдыңғы тірегінің дөңгелектерін басқару жүйесінде техникалық ақау болды" деген шешім шығарды.

Апатты жағдайда қонған әскери ұшаққа қатысты тергеу аяқталды

Мамыр айдың басында апатты жағдайда қонған әскери ұшаққа қатысты тергеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Atameken Business. 

Арнайы құрылған комиссия "төтенше жайтқа шассидің алдыңғы тірегінің дөңгелектерін басқару жүйесінде техникалық ақау болды" деген шешім шығарды.

Есте болса, 4 мамырда Нұр-Сұлтаннан Ақтөбеге бет алған әуе кемесінің алдыңғы шассиі ашылмай қалған. Сондықтан экипаж командирі ұшақты Алматы облысындағы Жетіген әуежайына қарай бұрып жіберіпті. Төтенше жағдайдан құлағдар әуежай мамандары лезде қону айлағына көбік сепкен.

Апаттың алдын алып, ұшақты апатты жағдайда жерге аман-есен қондырған экипаж мүшелері орден-медальдармен марапатталды. Сонымен қатар жер бетіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуде кәсіби шеберлік танытқан қызметкерлерге "Ел қорғаны" медалі мен мақтау қағаздары табысталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу