2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Апатты жағдайдағы мектептер жабылып, үш ауысыммен оқыту тоқтатылады

1287

Елдімекендерде 114 интернат ашылады.

Апатты жағдайдағы мектептер жабылып, үш ауысыммен оқыту тоқтатылады

Білім мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламасын мақұлдау барысында үкімет басшысы Асқар Мамин осылай деді. 

"Үш ауысыммен оқыту толығымен тоқтатылады. Апатты жағдайдағы мектептер жабылады. Бағдарлама аясында ел аумағында 800-ге жуық жаңа мектеп салынады. Әлеуеті жоғары елдімекендерде 114 интернат ашылады", – деді премьер-министр.

Асқар Маминнің мәлімдеуінше, алдағы 5 жылда білім саласына 
14,5 трлн теңге қаржы бөлінеді. Қомақты қаржының 1,3 трлн теңгесі жеке инвестиция болады. 

"Ғылымға жұмсалатын қаржы 7 есеге ұлғаяды. Ал білім беруді қаржыландыру көлемі жалпы ішкі өнімнің 7%-на жетеді", – деді үкімет басшысы.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу