Апатты жағдайдағы үйлерде 29 мыңнан астам адам тұрады

380

Елімізде 1900-ден астам үй апатты жағдайда тұр

Апатты жағдайдағы үйлерде 29 мыңнан астам адам тұрады Фото: tengrinews.kz

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бес жыл ішінде тұрғын үй қорының жалпы ауданы 48,8 млн шаршы метр немесе 13,6% ұлғайды.

"Қалалық тұрғын үй қорының ауданы бойынша Алматы (52,2 млн м2), Астана (31 млн м2) және Шымкент (21,6 млн м2) қалалары көш бастап тұр. Ауылдық жерлерге келетін болсақ, мұнда ең көп тұрғын үй Түркістан (25,4 млн м2) мен Алматы (21,8 млн м2) облыстарында орналасқан.2022 жылы тұрғын үйлердің саны 2,4 млн бірлікті құрады, оның ішінде қалада 1 млн бірліктен астам, ауылда – 1,4 млн бірлік. Жалпы саннан 2,1 млн бірлік – жеке үйлер, 311,5 мыңы – көппәтерлі үйлер", - деп жазды ведомстводан.

Қазақстанда 1900-ден астам үй апатты жағдайда тұр, онда 29,4 мың адам тұрады. Мұндай тұрғын үйлердің көпшілігі Атырау облысында (379 үй) орналасқан, ең азы – Қостанай облысында (5 үй).

Бір адамға шаққандағы жалпы аумақтың орташа мөлшері ауылдық жерлерге қарағанда қалада жоғары. Мәселен, 2022 жылы бір тұрғынға шаққандағы тұрғын үймен қамтамасыз ету көрсеткіші 23,4 м2 құрады, оның ішінде қалалық жерде 25,8 м2, ауылдық жерде – 19,8 м2.

Ең жоғары көрсеткіш Астанада – 1 тұрғынға 30,5 м2, Алматыда – 29,1 м2 және Маңғыстау облысында – 27,8 м2. 1 адамға шаққандағы тұрғын үй аумағының ең аз алаңы Жамбыл – 18,1 м2 және Жетісу – 18,9 м2. Бес жыл ішінде бір тұрғынды тұрғын үймен қамтамасыз ету көрсеткіш 1,5 м2-ге ұлғайған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу