Апелляциялық сот Бақауовқа бостандық беруге келіспеді

1122

Аймақтың бұрынғы басшысы жазасын мерзімінен бұрын өтей алмайтын болды.  

Апелляциялық сот Бақауовқа бостандық беруге келіспеді

Болат Бақауов 2020 жылдың мамыр айында қызметін асыра пайдаланғаны үшін үш жарым жылға бас бостандығынан шектелген еді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Осы жылдың қаңтар айында экс-әкім белгіленген жазаның жартысын өтегенін әрі бес баласының төртеуі кәмелеттік жасқа толмағанын алға тартып, мерзімінен бұрын босату туралы өтініш берді. Бірақ 22 қаңтар күні Павлодар қаласының №2 соты бұл өтінішті қанағаттандырған жоқ.

Болат Бақауов шешіммен келіспей, аппеляциялық сотқа шағым берді. Әйтсе де, аппеляциялық сот қаңтар айында №2 қалалық сот шығарған шешімді өзгеріссіз қалдырды.

Бұл жолы аймақтың бұрынғы басшысы жергілікті учаскелік полицейдің мінездемесін, Мәжіліс пен Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің хаттарын негізге алды. Мұнда жемқорларды мерзімінен бұрын босатуға болмайтыны туралы қазіргі талаптың Болат Бақауовқа қатысы жоқ екені туралы жазылып, дәл осындай бап бойынша жаза арқалаған кейбір шенеуніктердің мерзімінен бұрын босатылғаны көрсетілген. Себебі жемқорлардың жазасын жеңілдетуге болмайтыны туралы өзгерістер заңнамаға Болат Бақауов сотталған соң енгізілген.

Бірақ белгілі адвокат Джохар Өтебеков бастаған қорғаушылар тобы Павлодар облысының бұрынғы әкіміне көмектесе алмады. Енді Болат Бақауов жазасын жеңілдету туралы келесі өтінішті осы жылдың шілде айында ғана бере алады. Ал соттың шешіміне сәйкес, оның бас бостандығы 2023 жылдың тамызына дейін шектелген.

Ажар Дәулетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу