Алматы қалалық сотының апелляциялық инстанциясы депутаттың ұлы Нұрасыл Болаттың ісін қарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Апелляциялық шағым қаралып, өзгеріссіз қалдырылды, – деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың адвокаттары апелляциялық шағым түсірген болатын.
Еске сала кетсек, Алматы қаласы Медеу ауданының No2 аудандық соты пробация қызметінің Нұрасыл Болатқа қатысты жазаны – бас бостандығын шектеуді одан айырумен ауыстыру туралы өтінішхатын негіз деп танып, оны 1 жыл 5 ай 10 күнге бас бостандығынан айырған еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу