Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады. Бұған дейін, сот аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталған Жомарт Ертаевты 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған болатын. Енді оның жазасы 2 жылға қысқарып, экс-банкир енді 9 жылын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді. Ертаев кінәсін мойындағаны, қылмыстық істі тергеуге көмектескені және залалды ішінара өтегені, сондай-ақ кәмелетке толмаған балалары бары ескерілген. Одан өзге, бірнеше сотталушының да жазасы жеңілдетілді.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        