Апелляциялық сот Хасан Қасымбаевқа шыққан үкімді күшінде қалдырды

136

Алматы облыстық сотының апелляциялық алқасы бірінші сатыдағы сот шығарған үкімді өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылдады.  

Апелляциялық сот Хасан Қасымбаевқа шыққан үкімді күшінде қалдырды Фото: бейнежазбадан

Қонаев қаласында орналасқан Алматы облыстық сот ғимаратында Хасан Қасымбаев пен тағы бес айыпталушыға қатысты апелляциялық шағым қаралды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

– Бірінші сатыдағы соттың үкімі заңды күшінде қалдырылды, – деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Хасан Қасымбаев 2024 жылдың қараша айында қамауға алынған. Аталған іс бойынша сот процесі 2025 жылғы 20 тамызда басталып, 11 қарашада Талғар аудандық соты үкім шығарды.

Сот шешімімен Хасан Қасымбаев адам ұрлау, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және қорқытып ақша бопсалау баптары бойынша кінәлі деп танылып, 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ бұл іс аясында тағы бес адамға қатысты да үкім шыққан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу