Жұма намазға қатысушылар әлеуметтік қашықтық сақтауға тиіс

1532

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері мешіттерде жұма намаз оқуға рұқсат берді.  

Жұма намазға қатысушылар әлеуметтік қашықтық сақтауға тиіс

Жаңа қаулыға сәйкес, ел азаматтары мешітте, шіркеуде, соборда, синагогада бас біріктіріп, құлшылық қыла алады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Талап бойынша, дін мекемелерінде жұмыс кестесі мен күшейтілген санитарлық-профилактикалық іс-шаралар қатаң сақталуға тиіс. Діни ғимарат жанындағы Ashyq жобасына қатысатын тамақтану орындарында өтетін еске алу шарасына келушілер саны 30 адамнан аспауы керек.

Ашық аспан астында жұма намаз оқыған адамдар бетперде киюге және 4 метр әлеуметтік қашықтық сақтамаған жағдайда, құлшылық қылуға тыйым салынады.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу