Әпкелі-сіңлілі Колодалар елге оралды

608

Астаналық әпкелі сіңлі Колодалар бүгін Азия чемпионатынан бір күміс бір қоламен елге оралды, деп жазады inbusiness.kz  Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Әпкелі-сіңлілі Колодалар елге оралды

Чемпионаттың жүлдегерлерін темір жол вокзалынан қалалық спорт басқармасының өкілдері мен жақындары ыстық ықыласпен күтіп алды.

"Бұл жеңісті барша Қазақстан халқының жетістігі деп білемін. Баршасына, әсіресе Астана қаласының әкімдігіне және қалалық спорт басқармасына қолдау жасап жүргені үшін үлкен алғысымды айтқым келеді. Қашанда елордалық спортшыларды қолдап, осылай күтіп алғанына ризашылығымды білдіремін", - дейді Азия чемпионатының күміс жүлдегері Анастасия Колода.

Айта кетейік, биыл 13-16 қазан күндері Кувейт қаласында 30 мемлекеттен 400-ге жуық жеңіл атлет бақ сынаған болатын.

Дүбірлі Азия чемпионатына еліміздің барлық өңірінен 27 спортшы қатысты. Олардың арасында елордалық әпкелі-сіңлі Колодалар да бар.

Атап айтқанда, 400 м кедергілер арқылы жүгірген Анастасия Колода күміс жүлдені еншіледі. Ал Екатерина Колода осы қашықтықта 4-орыннан көрінді.

Жарыс қортындысы бойынша, Қазақстан құрамасы U18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында ел қоржынына 3 алтын, 3 күміс, 1 қола медаль салып, жалпы командалық есепті бесінші орынмен аяқтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу