Әпкесін атып өлтірген баланың әкесіне іс қозғалды

746

8 жастағы оқушы 10 жастағы әпкесін аңшылық мылтықпен абайсызда атып жіберген.

Әпкесін атып өлтірген баланың әкесіне іс қозғалды

Түркістан облысы, Созақ ауданына қарасты Сызған ауылында орын алған оқыс оқиғаға қатысты қылмыстық істің тергеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды otyrar.kz.

Еске сала кетсек, ауылға қыдырып барған 8 жастағы оқушы 10 жастағы әпкесін аңшылық мылтықпен абайсызда атып өлтірген еді. Алған дене жарақатынан қыз бала ауруханаға жетпей, жолда қайтыс болған. Баланың әкесі қаруды заңсыз сақтағаны үшін жауапқа тартылмақ.

Түркістан облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қарудың заңсыз сақталғаны анықталып отыр. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша "Абайсызда қазаға ұшырату" бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кеткен.

"Оқ атқан баланың әкесіне қатысты ҚР ҚК-нің "Қаруды заңсыз сақтау" және "Атыс қаруды ұқыпсыз сақтау" баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды", — деді құқық қорғаушылар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу