Аппеляциялық сот Берік Шәріпті кінәлі деп таныды

1045

"СҚ-Фармацияның" бұрынғы басшысы Берік Шәріпке қатысты аппеляциялық соттың шешімі шықты, деп хабарлайды Atameken Business.  

Аппеляциялық сот Берік Шәріпті кінәлі деп таныды

Нұр-Сұлтан қаласының соты бұған дейінгі сот шешімімен келіспей, Берік Шәріпті кінәлі деп таныды. Айта кетейін, "СҚ-Фармация" өткен жылы қорғаныш киімдерін уақытылы жеткізбей, салдарынан медицина қызметкерлері жаппай коронавирус жұқтырды деген айып Берік Шәріпке тағылған болатын. 12 күн бұрын ғана Есіл аудандық соты ақтап алғанымен, бүгін қайта кінәлі деп танылды. "СҚ-Фармацияның" бұрынғы басшысына 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Алайда Берік Шәріптің қорғаушысы болса Жоғарғы Сотқа жүгінеміз дейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу