Жуырда сатылымға қойылған "Apple" сағаттарының желіге қосылу функциясынан ақау шықты. Осы ақпараттың тарап кетуіне байланысты компания бір аптада 43 млрд доллар шығынға ұшыраған. Осылайша жуырда жарық көрген жаңа Iphone 8 бен Iphone Х смартфонынының сатылымы жоба авторларының үмітін ақтамай отыр. Оған басты себеп смартфонның жаңа нұсқасының "Iphone 7-ден" көп айырмашылығының болмауы. Адамдар аз ғана айырмашылығы бар нұсқа үшін қыруар ақша шығындағысы келмеген көрінеді дейді мамандар.. Осы факторлардың әсерінен Apple нарығы 1.6%-ға құлдырады.
Естеріңізге сала кетейік, Apple компаниясы қыркүйектің басында жаңа Iphone смартфондарын таныстырған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу