Apple акциясы құлдырап, Microsoft әлемдегі ең қымбат компания атанды

191

Apple әлемдегі ең қымбат компания атағынан бір күнде айырылды.   

Apple акциясы құлдырап, Microsoft әлемдегі ең қымбат компания атанды Фото: appleinsider.ru

Бұған Дональд Трамптың импорттық тариф саясаты себеп.

Компания акцияларының құны нәбәрі 4 күнде 22 пайызға төмендеген, деп жазады inbusiness.kz сайты forbes.ru журналына сілтеме жасап. 

Соның салдарынан табысы 750 млрд долларға қысқарып, капиталы 2 трлн 590 млрд долларға дейін құлдырады.

Бұл жағдай Microsoft-тың әлемдегі ең қымбат компания атануына мүмкіндік берді. Енді Microsoft көш бастады.

Компания капиталы – 2 трлн 640 млрд-қа тең. Соңғы рет Microsoft 2024 жылдың жазында әлемдегі ең қымбат компания атанған болатын.

Трамп билікке келгелі ірі технологиялық компаниялардың ішінде Apple қатты зардап шекті. Өйткені, компания өндірісі Қытайға тәуелді.

Сондай-ақ, Үндістан, Вьетнам және Таиландта да зауыттары бар. Ал, Дональд Трамп ең көп баж салығын осы елдерге енгізіп отыр.

Cарапшылар "айфондардың бағасы еселеп қымбаттайды, өйтпеген жағдайда Apple-дің табысы едәуір қысқарады, осы жағдайдан кейін iPhone 16 Pro Max бағасы 30%-ға қымбаттауы мүмкін деп болжап" отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу