Apple басқа бәсекелестері сияқты бүктемелі телефон үлгісін жасауда

122

Оның тұсауы 2026 жылы кесіледі деп болжануда. 

Apple басқа бәсекелестері сияқты бүктемелі телефон үлгісін жасауда Фото: yankodesign.com

Apple бүктемелі смартфон жасаудағы қиындықтарды жеңе алса, бұл Стив Джобс 2007 жылы алғашқы құрылғыны ұсынғаннан бергі iPhone дизайнындағы ең үлкен өзгеріс болмақшы, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Келесі iPhone-дар біздің бұрынғы бүктемелі телефондарымызды еске түсіретін болады. Бұндай модельдерді смартфондар нарығындағы Apple-дің барлық негізгі бәсекелестері шығарып үлгерді. Енді біраз үнсіздіктен кейін "алмалы компания" да бүктемелі нұсқаны байқап, бүктемелі iPhone шығаруды қолға ала бастады.

Сарапшылардың ақпаратына сәйкес, Apple соңғы айларда жаңа iPhone-ның құрамдас бөліктеріне тапсырыс беру үшін Азиядағы өндірушілермен байланысып жатыр. Және бүктемелі смартфонды 2026 жылдың басында нарыққа ұсынуы мүмкін.

Samsung Galaxy Z Flip және Google компаниясының Pixel Fold нұсқалары сияқты Apple iPhone телефоны да екіге бүктелетін түрде шығатынын құпия дереккөздер хабарлаған. Apple бүктемелі смартфон жасаудағы техникалық қиындықтарды жеңе алса, бұл Стив Джобс 2007 жылы алғашқы құрылғыны ұсынғаннан бергі iPhone дизайнындағы ең үлкен өзгеріс болмақшы.

Бүктемелі iPhone-дар индустрияны ЖИ-мен жұмыс істейтін смартфондар дәуіріне бастайды деп күтілуде. Фото yankodesign.com сайтынан алынды

Apple компаниясының iPhone сатылымы Қытайда (оның ең үлкен нарықтарының бірі) күрт төмендеп, өткен жылы қиындықтарға алып келгенін Aikyn.kz "Смартфондар 20% жеңілдікпен сатыла бастады" атты мақалада жазған болатын.

30 наурызда аяқталған 1-ші тоқсанда компанияның iPhone сатылымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10%-ға төмендеді.

Қытайдағы құрылғы сатылымы компания ұсынған баға жеңілдіктерінің арқасында қалпына келе бастады. Сонымен бірге, Apple-дің Үндістандағы өсіп келе жатқан тұтыну нарығы да жақсы өсім көрсетуде.

Сарапшылар Apple компаниясының жасанды интеллектпен жұмыс істейтін iPhone смартфондарының келесі толқыны бәсекелестікке көмектеседі және индустрияны ЖИ-мен жұмыс істейтін смартфондар дәуіріне бастайды деп күтеді.

Apple компаниясының келесі iPhone операциялық жүйесі iOS 18 де осы күзде шығарылады және жаңартылған Siri, OpenAI ChatGPT сияқты кіріктірілген ЖИ мүмкіндіктері жаңа смартфондарға орнатылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу