Ал iPhone деп аталатын смартфондарың саны 1 миллиардтан көп.
Куктың мәліметіне сүйенсек, Қытайда iPhone сатылымы артқан. Яғни биылғы көрсеткіш 57%-ға өсіп, 21,31 миллиард долларға дейін жеткен.Алпауыт компания 2021 жылдың бірінші тоқсанында рекордтық кіріс көлемін тіркеді. Нақтырақ айтқанда, кіріс алғаш рет 111 миллиард долларға жетті.Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 21%-ға көп.
Apple корпорациясы 1976 жылы құрылған еді. Ол қазір iPhone смартфонынан бөлек iPad планшеттерін, iMac компьютерлерін, MacBook ноутбуктерін, iPod музыкалық плеерлерін және басқа да жоғары технологиялық техниканы жасап шығарады.Apple-дің нарықтық капиталдандыруы шамамен – 2,4 триллион доллар.
Табиғат Нұрболат
Фото: apnews.com